Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия атауынан Елбасының аты алынып тасталды
Үкімет тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев атындағы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияның атауын өзгертті.
Тиісті қаулы республиканың нормативтік құқықтық актілер порталында орналастырылды.
Жарлыққа сәйкес, жаңа атау – «мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия».
Стипендия құрметті атақтармен және мемлекеттік наградалармен марапатталған шығармашылық және мәдениет қызметкерлеріне, сондай-ақ ерекше дарынды жас шығармашылық қызметкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету үшін жыл сайын тағайындалады.