×

Нұрсұлтан Назарбаевтың елордадағы саяжайы бұрынғы бағасымен қайта сатылымға шықты

Иелері сатып алушыларға өте қымбат пианиноны қалдыруды шешкен

 Еркеғали Болатұлы 17.01.2023 | 16:51
фото: ашық дереккөз

Krisha.kz сайтында 3,5 миллиард теңгеге ауданы 1600 шаршы метр резиденцияның фотосуреттері қайта пайда болды.

Жарнаманы сыбайлас жемқорлықты тергеу бюросы Telegram-арнасының авторлары байқаған.

Сипаттамада резиденцияның Италиядан келген құрылысшылар мен дизайнерлердің қатысуымен тек өзі үшін салынғаны айтылған. Аумақта олимпиадалық жүзу бассейні мен соңғы технологияларды пайдаланатын автономды станса бар. Иелері сатып алушыларға өте қымбат пианиноны қалдыруды шешкен екен.

Үйдің дизайны неоклассикалық стильде ұсынылған. Жобалық ғимараттың жанында шале стиліндегі қонақ үйі де бар екені көрсетілген. Сонымен қатар, әлеуетті клиенттерге бау-бақшасы, орман екпелері және Нұра өзенінде пирстері бар бір гектар жер телімін ұсынады.

Сондай-ақ бұл алаңда шале үлгісіндегі 7 бөлмелі, ауданы 1500 шаршы метр, құны 3,9 миллиард теңге тұратын қонақ үй сатылымға шығарылған.

«Ол резиденцияны сату туралы хабарландырудың сипаттамасында көрсетілгеніне қарамастан, резиденцияның бағасына қосылмаған сияқты», - деп болжам жасады арна авторы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама