×

Өзбекстанда медбике академиясы ашылады

Студенттер халықаралық білім беру талабына сай оқытылады

 Дастан Жұмабекұлы 17.01.2023 | 16:21
фото: uzreport.news

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің тапсырмасы бойынша Ташкент қаласында медицина кадрларын даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесін түбегейлі жетілдіру мақсатында Түркияның Денсаулық ғылымдары университетімен бірігіп, Медбике академиясы құрылады.

Жаңа оқу жылынан бастап өз қызметін бастайтын академияда медбикелерді даярлау 4 жылдық оқу жоспары негізінде Денсаулық сақтау ғылымдары университетінің профессор-оқытушылар тарапынан халықаралық білім беру стандарттарына сай жолға қойылады. Жоспарға сәйкес, болашақ медбикелер екі жылдық білімді Өзбекстанда, екі жыл Түркияда алады.

Сондай-ақ Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі мен Түркияның Денсаулық сақтау ғылымдары университеті басшылығы арасындағы келісімге сәйкес, жетекші медицина мамандарын даярлау мақсатында «Медициналық менеджмент» мамандығы бойынша бакалавриат деңгейінде 4 жылдық бірлескен бағдарлама іске қосылады. Бұл жобада да студенттер Түркияда екі жыл білім алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама