Halyq Uni логотип
×

Шетелдік көлікті заңдастырмаған жағдайда қандай жаза қолданылады?

Елімізде шет елден әкелінген 300 мыңнан аса автомобиль бар

 Дастан Жұмабекұлы 17.01.2023 | 14:50
Шетелдік көлікті заңдастырмаған жағдайда қандай жаза қолданылады?
фото: kolesa.kz

Шет елден әкелінген автокөлікті белгіленген уақытта заңдастырмаған жағдайда заңға сәйкес жауапкершілік қарастырылады. Бұл туралы Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Елжан Чупеков айтты.

Шетелдік көліктерді заңдастыру – бірреттік акция. Ол биыл 23 қаңтарда басталып, 1 шілдеге дейін жалғасады. Шетелдік автомобильді талап бойынша тіркемеген жағдайда заңға сәйкес жауапкершілік қарастырылады. Еліміздегі шетелдік көліктердің дені сақтандыру полисімен жүр. Егер автомобильді белгіленген уақытта заңдастырмаған жағдайда сақтандыру полисі тоқтатылып, көлік коммуналдық автотұраққа қойылады, –  деді Елжан Чупеков полиция департаментінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, ел аумағында сақтандыру полисімен жүрген 300 мыңнан аса шетелдік автомобиль бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама