×

Непалдағы ұшақ апатынан көз жұмған әйел Қазақстанда тұрған және жүкті болған

Соңғы бірнеше айда Елена Қазақстанда тұрған

 Халық үні 17.01.2023 | 07:50
Фото: instagram/snilosmne_2.0

Непалдағы ұшақ апатынан көз жұмған әйел Қазақстанда тұрған және жүкті болған, деп хабарлады КТК.

Ол Ресей азаматы Елена Бандуро. «Комсомольская правда» газетінің жазуынша, 33 жастағы Мәскеу тұрғыны тревел-блогер және SMM-маманы болған.

Соңғы бірнеше айда Елена Қазақстанда тұрған. SMM-маманы болып қашықтан жұмыс істеген. Кейде жұмыс бабымен басқа елдерге ұшып барып отырған.

Қайғылы оқиғаның алдында Бандуро туыстарына жүкті екенін, құрсағындағы сәби қыз бала екенін айтқан. Непалға Елена күйеуі Максимге бармақ болған. Ұшар алдында әйел желіде соңғы фотосын жариялаған.

Еске сала кетейік, жексенбіде таңертең Непалда ұшақ апаты болғаны хабарланды. Жергілікті органдардың мәліметінше, ұшақта отырған 68 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі қаза болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама