×

Шетелдік көлікті заңдастыруға неше теңге жұмсалады?

Автомобильді заңдастырған азамат утиль алымнан босатылады

 Дастан Жұмабекұлы 16.01.2023 | 17:05
фото: ашық дереккөз

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев шет елден әкелінген автокөлікті заңдастыруға неше теңге жұмсалатынын айтты.

Оның айтуынша, автокөлікті тіркеу үшін мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 200 мың теңге көлемінде бір реттік төлем жасалады. Техпаспорт үшін 4 313 теңге мемлекеттік баж бар. Сондай-ақ көлік иесі мемлекеттік нөмір үшін 9 660 теңге мөлшерінде алым төлейді. Барлық құжат тексеріліп, төлем жасалғаннан кейін автомобиль иесіне Қазақстан Республикасының тіркеу құжаты мен мемлекеттік нөмір беріледі.

Шетелдік көлікті бір рет тіркеп, заңдастыруға болады. Бұдан былай Қазақстан азаматтары шетелден әкелінген автокөлікті уақтылы тіркеу талабын сақтауы қажет. Яғни ел аумағына кіргеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде заңдастыруға тиіс, –  деді ол.

Сонымен бірге ол көлігін заңдастырған азаматтардың утиль алымнан босатылатынын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

24 жастағы қазақстандықтың Таиландта комада жатқаны белгілі болды

Жігіттің ата-анасы Пхукетке ұшып барған
04.06.2023 | 12:29

Алматыда қала құрылысын бақылау басқармасы қызметкерлерінің ұсталғанын жоққа шығарды

Басқарма жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салды
04.06.2023 | 12:17

Қарағандыда жас жігіт 3 адамды пышақтап тастады (ВИДЕО)

Оқиға орынынан ауруханаға 34 және 35 жастағы екі адам жеткізілді
04.06.2023 | 12:12

Байзақтағы жарылыста бірінші болып мерт болған Жанболатовтың анасы жалғыз қалды

70 жастағы зейнеткер марқұм ұлы қызмет еткен мекеме кейінгі уақтты жағдайын білуді қойғанын айтады
04.06.2023 | 11:20