Қос ел арасында саяси байланыс нығаймақ
Биыл Қазақстанда Мексика елшілігі ашылады. Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
12-13 қаңтарда Мексика астанасы Мехикода Сыртқы істер министрі Марсело Эбрардтың елде аккредиттелген дипломатиялық корпуспен дәстүрлі жыл сайынғы кездесуі өтті. Министр 2023 жылғы міндеттерге тоқталып, Мексика 5 жаңа елшілік ашатынын ресми түрде мәлімдеді. Оның ішінде Қазақстан да бар. Қазақстан Мексика Үкіметінің шешімін қолдайды әрі Астанада Мексика елшілігінің ашылуына көмек көрсетуге дайын, - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтардың шетелде құлдықта болу дерегі жиілегені хабарланған еді.