Halyq Uni логотип
×

Биыл 75 адам мемлекеттік стипендия иегері атанды

2023 жылы руханият, әдебиет пен өнер бағытында маңызды даталар көп

 Динара Амантай 16.01.2023 | 16:32
Биыл 75 адам мемлекеттік стипендия иегері атанды
Фото: akorda.kz

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Астана және Алматы қалаларында зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, 2022 жылғы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны салтанатты табыстау рәсіміне қатысты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекеттік стипендия мәдениет пен өнер қайраткерлеріне, шығармашыл тұлғаларға және жастарға еліміздің руханиятын қалыптастыруға, дамытуға қосқан үлесі үшін беріледі.

Биыл 75 адам мемлекеттік стипендия иегері атанды. Олардың қатарында Олжас Сүлейменов, Мырзатай Жолдасбеков, Дулат Исабеков, Төлен Әбдікұлы, Смағұл Елубай, Күләш Ахметова, Ханбибі Есенқарақызы, Ақұштап Бақтыгереева секілді көрнекті ақын-жазушылар, Асанәлі Әшімов, Сәбит Оразбаев, Тұңғышбай Жаманқұлов сияқты өнер қайраткерлері бар.

Сонымен қатар, Ерлан Жүніс, Самал Еслямова, Фархат Молдағали және тағы да басқа жас дарындарға қолдау көрсетілді.

Ерлан Қарин соңғы жылдары елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалар жайын жан-жақты баяндады. Әсіресе, қоғамдық-саяси, әлеуметтік жаңғыру жұмыстарын атап өтті. Бұдан бөлек, мемлекет тарапынан әдебиет пен өнерді қолдауға қатысты атқарылған бастамалар жайында мәлімет берді.

Мемлекеттік кеңесші 2023 жылы руханият, әдебиет пен өнер бағытындағы маңызды даталардың көп екенін айта келіп, зиялы қауым өкілдерін биыл қолға алынатын жұмыстардың жай-жапсарымен таныстырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама