Ресейдің Днепр қаласын атқылаудан қаза тапқан адам саны 35-ке жетті
Қара теңізден 20 ракета жіберілді
РФ Қарулы күштері Украинаның көптеген қалаларын алыстан атқылап шықты. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Украина Қарулы күштері Жаяу әскерлер қолбасшысының орынбасары – штаб бастығы, генерал-лейтенант Александр Павлюк украиналықтарға дұшпан тарапынан жаппай шабуыл болатынын ескерткен еді. Ресей армиясының Қара теңізден жіберілген 20 «Калибр» ракетасы тұрғын үйлер мен ифрақұрылымдарға түсті.
Оккупанттар Днепр қаласын атқылау кезінде 35 адам қаза тауып, 75 адам жарақаттанды. Оның 14-і – бала. Үйіндінің астында қалған 35 адамның жағдайы белгісіз.
Сондай-ақ ресейліктер Львов және Харьков облыстарында инфрақұрылымдарды атқылады. Ивано-Франковскіде энергретика нысандарынан өрт шықты.
Ресей әскері Киевті де атқылады. Бірақ бұлардың бәрінде әуе қорғаныс күштері жақсы жұмыс істеп, украин жауынгерлері көптеген ракеталарды атып түсірді.