Ақтауда ер адамның үстіне диван құлады (ВИДЕО)
Ол ауруханаға жеткізілді
Ақтауда кетіп бара жатқан 39 жастағы ер адамның үстіне 6-қабаттан диван құлады, деп хабарлады Inaktau.kz.
Соққының салдарынан тұрғынның мойын омыртқасы сынып, жұлынына зақым келген.
Ер адам сал болып қалды, - деп жазылған облыстық аурухананың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Дәрігерлер ер адамның ауыр халде жатқанын атап өтті. Ал Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, ер адамның үстіне 6-қабаттан диван құлаған.
Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 114-бабы бойынша («Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру») полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай реестріне тіркелді, - деп жазылған хабарламада.
Бүгінде жәбірленушінің туыстары куәгерлерді іздеп жатыр. Болған оқиғадан хабарыңыз болса, төмендегі нөмірге хабарласа аласыз:
- +7702 811 03 82.