Halyq Uni логотип
×

Алматы облысында балалар өзіне қол салды

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

 Дәурен Ерболат 16.01.2023 | 10:05
Алматы облысында балалар өзіне қол салды
Фото: CC0 / Arieth

Алматы облысында кәмелет жасына толмағандар суицид жасады, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Басқарма мәліметінше, биыл 12 қаңтарда Қарасай ауданының полиция бөліміне жедел жәрдем бригадасынан 2009 жылы туған Ж. атты кәмелетке толмаған баланың өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат түскен.

Сондай-ақ 6 қаңтарда Е. атты жасөспірім үйінде асылып қалған.

2 дерек Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша Қарасай ауданы полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай реестріне тіркелді. Барлық қажет тергеу іс-шаралары жүргізіліп, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама