Ол билетті жанар-жағармай құю станциясында сатып алған
АҚШ-тың Мэн штатында тұратын бір ер адам лотерея билетінен 1 млрд 348 млн доллар джек-пот ұтып алды. Бұл туралы vesti.ru хабарлады.
Ол билетті жанар-жағармай құю станциясында сатып алған.
Mega Millions компаниясының хабарлауынша, ер адам ұтыс шыққан барлық 6 цифрды дәл таба алған. Ол 30, 43, 45, 46, 61 және 14 алтын мегабол болып көрінген.
Енді жеңімпаз ұтысын бірден қолма-қол ақша етіп алғысы келсе, оған 723,5 млн доллар беріледі. Салық осы қаржыдан төленеді. Болмаса, барлық сома бір мөлшерде 30 жыл көлемінде төленіп тұратын болады.
Ойын үш айға созылғаннан кейін, 26-талпыныста барып басты жүлде шықты. Мұндай лотереяда жеңу мүмкіндігі «302, 6 миллионға біреу» болып есептелді.
Америкалық джек-поттың рекордты көрсеткіші 2018 жылы тіркелген еді. Ол 1 млрд 537 млн доллар болған.