Жылу желісінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі
16 қаңтарда Екібастұзда жеке сектордағы үйлерде жылу өшіріледі, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
Дүйсенбі, 16 қаңтарда қайта жөнделген желіні кесу үшін 251-орталық жылу пунктінен К. Нұралин көшесі, 154-ге дейін ішкі жылу желісі өшіріледі, - деп жазылған хабарламада.
«Екібастұзжылуэнерго» компаниясының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 9-дан кешкі сағат 17-ге дейін төмендегі 49 жер үйде жылу болмайды:
Еске сала кетсек, кеше де қаладағы 20 көпқабатты, 106 жеке тұрғын үй, 14 заңды тұлға және 2 әлеуметтік нысан жылу беруден ажыратылған болатын.