Бүгін Екібастұзда жер үйлерде жылу болмайды
Жылу желісінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі
16 қаңтарда Екібастұзда жеке сектордағы үйлерде жылу өшіріледі, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
Дүйсенбі, 16 қаңтарда қайта жөнделген желіні кесу үшін 251-орталық жылу пунктінен К. Нұралин көшесі, 154-ге дейін ішкі жылу желісі өшіріледі, - деп жазылған хабарламада.
«Екібастұзжылуэнерго» компаниясының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 9-дан кешкі сағат 17-ге дейін төмендегі 49 жер үйде жылу болмайды:
- К. Нұралин көшесі, 150, 152, 152а, 154, 155, 171, 156, 156а, 158, 160, 162;
- Шәкәрім көшесі, 33, 33а, 33б;
- Чехов көшесі, 187, 185, 183, 181, 179;
- Аменгелді көшесі, 3, 5, 5а, 5б, 10, 12;
- 21 Южный даңғылы, 18, 20, 22, 24, 26;
- 18 Южный даңғылы, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21,22, 23, 24,25, 26,27, 28, 29,30.
Еске сала кетсек, кеше де қаладағы 20 көпқабатты, 106 жеке тұрғын үй, 14 заңды тұлға және 2 әлеуметтік нысан жылу беруден ажыратылған болатын.