Halyq Uni логотип
×

Бүгін ауа райы қандай болады?

Алматы облысында 24-29 градус қатты аяз сақталады

 Халық үні 16.01.2023 | 06:41
Бүгін ауа райы қандай болады?
фото: ашық дереккөзден

Қазгидромет синоптиктері 16 қаңтар күні ауа райы қандай болатынын жариялады.

Кең ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігіне әлі де жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республиканың қиыр солтүстігінде, шығысында атмосфералық фронттардың ықпалымен қар жауады, жел күшейіп, боран соғады.

Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі.

Түнде солтүстікте, Жетісу облысының таулы аудандарында – 28-33 градус аяз, Алматы облысында 24-29 градус қатты аяз сақталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама