×

«Балаларды жібермеңіздер!». Министрлік қазақстандықтарға ескерту жасады

Мұз үстінде көп адамның жиналуына жол бермеу керек

 Айнұр Шошаева 15.01.2023 | 23:00
фото: ашық дереккөз

Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі қазақстандықтарды өзеннің маңайынан жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды, деп хабарлады Halyq uni

Температураның төмендеуі мен жоғарылау ықтималдығы салдарынан белсенді мұз құбылыстарына байланысты өзен арналарында мұзды-су тасқыны мен қарлы сел жүруі мүмкін, – делінген мекеме таратқан хабарламада.

Осыған орай қазақстандықтарға келесі ескерту жасалды:

1. Өзен арнасының жай-күйін, мұз құбылыстарын үнемі қадағалап отыру; 
2. Балаларға өзен арналарының жанында жүруге және ойнауға рұқсат бермеу;    
3. Мұз үстінде көп адамның жиналуына жол бермеу; 
4. Өзен арнасының жанына көлікпен тоқтамау;
5. Егер су тасқыны белгілері анықталса (су деңгейінің жоғарылауы, лайланудың жоғарылауы, қалқымалы мұз бөліктерінің көбеюі), дереу арнадан алыстау;
6. Су тасқыны қаупі бар өзен арналарының жанында тұратын және жұмыс істейтін тұрғындарына құзыретті органдардың тиісті хабарламаларын мұқият тыңдау.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама