×

ММА жауынгері пойыздан өлі табылды

Аралас жекпе-жек жауынгері Георгии Гаглоев Ростове-на-Дону қаласында пойыз тоқтаған сәтте өлі табылды

 Халық үні 15.01.2023 | 08:31
Фото: КрыльяTV

Аралас жекпе-жек жауынгері Георгии Гаглоев Ростове-на-Дону қаласында пойыз тоқтаған сәтте өлі табылды. Жас спортшы Мәскеуден Владикавказға бет алған, деп хабарлады «КрыльяTV».

24 жастағы жігіттің өліміне не себеп болғаны белгісіз. Ростов-на-Донуға жас спортшының туыстары жолға шықты, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

ММА-да Георгий Гаглоев Саймумин «Метро Люблино» Мадиев, Ибрагим Ильясов, Лейва «Виллагра» Даниел Иван секілді спортшылармен айқасынан кейін аты шықты. Үш жекпе-жекте де Гаглоев жеңіліп қалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама