Жүргізуші мен жолаушы алған дене жарақатынан жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды
Абай облысының полиция департаменті Семей-Өскемен жолындағы көлік апатына қатысты іс қозғады.
14 қаңтар күні сағат 13:30 шамасында Семей-Өскемен тасжолының 111/87 шақырымында жол апаты болды.
ВАЗ 21102 және Toyota Camry маркалы екі автокөлік бетпе-бет соқтығысты.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ 21102 автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған дене жарақатынан жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды.
Сондай-ақ, ВАЗ 21102 көлігінде кәмелетке толмаған үш жолаушы болған.
Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған үш жолаушы, Toyota Camry көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.