Halyq Uni логотип
×

Алматыда журналистің көлігін білгісіз біреулер өртеп жіберген

Тергеу барысы ҚР ІІМ мен Алматы қаласы полиция департаментінің бақылауында

 Халық үні 14.01.2023 | 22:55
Алматыда журналистің көлігін білгісіз біреулер өртеп жіберген
Фото: polisia.kz

Алматыда журналист Динара Егеубаеваның көлігін белгісіз біреулер өртеп жіберген. Қалалық полиция департаменті осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды polisia.kz телеграм каналы.

«Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметі бойынша аталған дерек ҚР ҚК-нің 202-бабымен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды», делінген хабарламада.

Қылмыстық іс бойынша өндірісті қалалық ПД Тергеу басқармасы жүргізіп жатыр. Тергеу барысы ҚР ІІМ мен Алматы қаласы полиция департаментінің бақылауында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама