Ертең еліміздің 3 облысында қатты аяз болады
Қазақстанның бірқатар өңірінде 36 градусқа дейін аяз болады
Халық үні
14.01.2023 | 19:31
Қазақстанның бірқатар өңірінде 36 градусқа дейін аяз болады.
Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
«Түнде Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 31-36 градус өте қатты аяз сақталады. Алматы, Жамбыл облыстарының солтүстігінде, таулы аудандарында 30-32 градус қатты аяз күтіліп отыр», - делінген хабарламада.