Ресей азаматы елден шығарылды

Динара Амантай

Ер адам әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды

Фото: Halyq Uni

Астанада ресейлік қос азаматтығы үшін елден шығарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ресей Федерациясының азаматы Т.-ға қатысты ҚР азаматтығы туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Сотта анықталғандай, азамат 2020 жылдың тамызында Қазақстанның азаматтығына ие бола отырып, Ресей Федерациясының азаматтығын алған, бірақ 30 күнтізбелік күн ішінде еліміздің Ішкі істер органдарына немесе шетелдегі мекемелеріне шетелдік азаматтығын алу фактісі туралы хабарламаған және ҚР паспортын және (немесе) жеке куәлігін тапсырмаған.

Сотта айыпталушы өз кінәсін мойындап, заңның талаптарын білмеуіне байланысты бұзушылыққа жол бергенін түсіндірді, өйткені Ресей Федерациясының азаматтығын алу үшін ол ҚР азаматтығынан бас тарту туралы өтініш жазған және оны жеткілікті деп санаған.

Бұл фактіні полицияның желілік бөлімінің қызметкерлері 2023 жылғы қаңтарда Астана қаласының халықаралық әуежайында көліктік бақылаудан өту кезінде анықтады.

Сот қаулысымен ер адам әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған Қазақстан Республикасы шегінен әкімшілік шығарып жіберу түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Сот шешімі шығарылған күннен бастап заңды күшіне енді.