Жолдың жабылуы мен қарлы бұрқасынға байланысты көліктер жиналып қалған
Ауа райының қолайсыздығынан трассада қалып қойған 800-ге жуық автокөлікті полицейлер Астанаға және Павлодар облысымен шекараға дейін алып жүрді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қарлы боран салдарынан болатын жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында 12 қаңтарда Астана – Ерейментау – Шідерті республикалық трассасын жабу туралы шешім қабылданған.
Полиция нарядтары және басқа да құзыретті органдар күшейтілген қауіпсіздік шараларын қабылдады: блок бекеттер қойылды, жақын маңдағы елді мекендерде жылыту пункттері белгіленді, қосымша экипаждар енгізілді. Жолдың жабылуы мен қарлы бұрқасынға байланысты көліктердің жиналуы пайда болды.
13 қаңтарда полиция департаментінің басшылығы патрульдік полиция ротасының экипаждарының көліктер тізбесін бір тізбекпен алып жүруін қамтамасыз ету туралы шешім қабылдады. Күні бойы полиция экипаждары елордадан Павлодар облысының шекарасына дейін 300-ге жуық көлік құралын алып жүрді, тағы 500 автокөлікті Павлодар облысынан Астанаға дейін кері бағытта алып жүрді.