Қазақстанда 5 балдық жер сілкінісі болды
Ведомство мәлімдеме жасады
13 қаңтар сағат 18:31 кезінде Алматыдан 226 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл мәліметті Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.
«Тербеліс ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 226 шақырым жерде, Қазақстан аумағында болған. Зілзаланың MPV магнитудасы - 5.0.Тереңдігі - 10,1 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ», - делінген хабарламада.