Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған қыз суицид жасады
Қайғылы оқиғаның себептерін анықтау мақсатында тергеу амалдары қолға алынды
Шалқар ауданындағы Бегімбет ауылында 2007 жылы туылған қыз үйінің ауласында орналасқан сарайдан асулы күйінде табылды, деп хабарлайды Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«2023 жылдың 13 қаңтарында сағат 00.10-да Шалқар ауданы Бегімбет ауылы үйінің ауласында орналасқан сарайда асулы тұрған 2007 жылы туылған кәмелетке толмаған қыздың денесі табылды. Аталған факті бойынша «суицидке жеткізу» ҚК 105-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген хабарламада.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Қайғылы оқиғаның себептерін анықтау мақсатында тергеу амалдары қолға алынды.