Бүгінде оған 500-ге жуық ұйым тіркелген
Қазақстанда «е-ТРМК» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Ол қағазбастылықты және логистикалық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Бұл туралы СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Қайсар Шалабаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni.
Оның айтуынша, платформадағы барлық қызмет онлайн көрсетіледі.
«е-ТРМК» мемлекеттік ақпараттық жүйесі қағазбастылықты және логистикалық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Жүйені пайдаланушылар уақыт үнемдейді. Онда автоматты түрде тіркелу арқылы кез келген уақытта өтініш беруге, өтінім статусын бақылауға болады. Сондай-ақ уәкілетті органдардан уақтылы хабарлама ала аласыз, - деді Қайсар Шалабаев.
Сондай-ақ басшы «е-ТРМК» АЖ «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ өткізген сынақтан сәтті өткенін, жүйе ақпараттық қауіпсіздік талабына сәйкес келетінін атап өтті.
Қазіргі таңда жүйеге 473 ұйым (сертификаттау органдары мен зертханалар) тіркелген.
Айта кетейік, «е-ТРМК» ақпараттық жүйесін іске қосудағы мақсат төмендегідей: