Тағы бір депутаттың өкілеттігі тоқтатылды
Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды
Динара Амантай
13.01.2023 | 17:35
Президент Сенат депутаты Андрей Лукиннің өкілеттігін тоқтатты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Андрей Иванович Лукиннің өкілеттігі тоқтатылды, – делінген хабарламада.
Айта кетсек, Андрей Лукин депутаттық қызметіне 2019 жылдың тамызынан бастап кіріскен.