×

Алматыда көлік ұрылары ұсталды

Күдіктілер Toyota Camry 70 автокөлігін Өскеменде жасырған

 Дастан Жұмабекұлы 13.01.2023 | 17:20
фото: ашық дереккөз

Алматыда ұрылар Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Медеу ауданы тұрғынының Toyota Camry 70 көлігін ұрлап кеткен.

Медеу аудандық полиция басқармасының бөлімшесі мен арнайы жасақ қызметкерлері көлікті Алматы мен Шығыс Қазақстан облысында іздеп, Риддер қаласында 42 жастағы Е.есімді азаматты және оның сыбайластарының бірін ұстады.

Тағы екі күдікті Алматыда ұсталды. Күдіктілер ұрланған автокөлікті Өскеменде жасырған. Олар тіпті көлікті сол жақта сатқысы келген. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі бойынша тергеліп жатыр, – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Қылмыстың бастамашысының бұрын ұрлық үшін үш рет сотты болғаны да анықталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама