×

Тамара Дүйсенова Қазақстанда кедейлер саны көбейгенін мәлімдеді

Бүгінде халық табысының басым бөлігін азық-түлікке жұмсайды

 Дәурен Ерболат 13.01.2023 | 16:39
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Биыл Қазақстандағы тұрмысы төмен азаматтардың саны өскен. Бұл туралы Еңбек және халық әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Өткен жылдары кедейлердің саны 4,9% болса, биыл олардың саны 5,1% болды... Инфляцияның жоғары болуы азаматтардың табысын (көп бөлігін – авт.) алып қойып жатыр. Олар қаражатының көбін азық-түлік себетін алуға жұмсауда. Мысалы, 150 мың теңге десек, қазір осы ақшаның 60-70%-ы азық-түлікке жұмсалады. Осылайша, отбасының одан әрі дамуы үшін қалатын қаражат азайды. Әрине, бұл жағдай әрбір отбасының бюджетіне әсерін тигізеді, - деді Тамара Дүйсенова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, бұған дейін министр депутаттың ұсынысына жауап берген еді.

5 желтоқсандағы Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 2025 жылдан бастап жаңа Әлеуметтік кодекс қабылданатынын айтты. Соған сай, кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің орнына медианды жалақы бойынша есептелетінін мәлімдеді

Серіктес жаңалықтары

Сараптама