×

Халық Назарбаев атындағы көше атауларын өзгертуді сұрап жатыр – депутат

Бұрынғы Әділет министрі мәселені өңірдегі халық шешетінін айтқан

 Дәурен Ерболат 13.01.2023 | 14:00
Фото: atpress.kz

Өңірлерде тұрғындар экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың аты берілген даңғылдардың атауын өзгерту мәселесін көтеріп жатыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Біз өңірлерге барғанда, тұрғындар бұл мәселені көтереді. Өйткені әр облыста Нұрсұлтан Назарбаевтың аты берілген даңғылдар бар. Менің ойымша, бұл мәселені жергілікті деңгейде шешу керек. Көшенің атын ауыстыру үшін мәслихат шешім қабылдауға тиіс. Жалпы тұрғындар мәселеге қатысты өздерінің ұсыныстарын айтып жатыр, - деді депутат Парламент палаталарының бірлескен отырысынан соң.

Айта кетейік, бүгін Тұңғыш президент туралы заңның күшін жоюға шешім қабылданды

Бұған дейін бұрынғы Әділет министрі Қанат Мусин қазақстандықтар қаласа, Нұрсұлтан Назарбаевтың аты берілген көшелердің атауын өзгерте алатанын айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама