×

Ет қымбаттаған өңірлер аталды

Былтыр ешкі мен шошқа саны азайды

 Дәурен Ерболат 13.01.2023 | 13:10
Фото: meat-expert.ru

2022 жылғы желтоқсанда өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда елімізде 16,6%-ға қымбаттады, деп хабарлады Energyprom.kz.

Өнім ең қатты қымбаттаған өңір Маңғыстау облысы: бір жылда – 22,6%. Одан кейін Павлодар (21,7 %) және Солтүстік Қазақстан (21,5%) облыстары тұр.

Ұлытау облысында баға өсімі бар-жоғы – 9,7%.

Ет пен құс еті жылдық динамикада – 15,4%, шұжық өнімдері – 22,2%, ет өнімдері – 15,9% қымбаттады.

Ет өнімдерінің ішінде құс еті – 29,4%, жылқы еті – 16,7%, шошқа еті – 14,3%, қой еті – 12,9%, сиыр еті 10,1% өсті.

Шұжық өнімдерінің ішінде пісірілген шұжық – 23,6%, жартылай ысталған шұжық 22,2% артты.

Былтыр 1 желтоқсанда Қазақстанда ешкіні (бір жылда 0,9%-ға азайып, 2,3 млн болды) және шошқаны (бір жылда 10% кеміп, 812,5 мың болды) санамағанда, негізгі мал басы көбейді.

Жылқы саны бір жылда 3,7 млн басқа (+12,1%), түйе 260,5 мың басқа (8,6%), ірі қара 8,5 млн басқа (5,2%), қой 19,6 млн басқа (4,4%), құс 50,8 млн басқа (1,1%) жетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама