Halyq Uni логотип
×

Асқар Ақаевқа қатысты қылмыстық іс жабылды

Экс-президентке билікті немесе қызметтік жағдайды асыра пайдаланғаны үшін айып тағылған болатын

 Дастан Жұмабекұлы 13.01.2023 | 12:41
Асқар Ақаевқа қатысты қылмыстық іс жабылды
фото: ашық дереккөз

Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Асқар Ақаевқа қатысты қылмыстық іс тоқтады. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің басшысы Сирожиддин Камолидинов айтты.

Оның айтуынша, қылмыстық іс аясында Асқар Ақаевқа билікті немесе қызметтік жағдайды асыра пайдаланғаны үшін 1992 жылы «Камеко» компаниясымен келісім жасасу эпизодтары бойынша немқұрайлылық жасағаны және 2003 жылы «Құмтөр» жобасын қайта құрылымдағаны үшін айып тағылған болатын.

«Енді қылмыстық жауапкершілікке тарту мерзімінің ескіруіне байланысты іс жабылды», – деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама