×

Оқушылар тұңғыш рет дүниежүзілік қысқы гимназиадаға қатысады

Олар спорттың бір ғана түрінен, шаңғымен жүгіруден жарысады

 Дастан Жұмабекұлы 13.01.2023 | 10:36
фото: ашық дереккөз

11-19 ақпан күндері Түркияның Эрзурум қаласында дүниежүзілік қысқы гимназиада өтеді. Дүбірлі дода спорттың тау шаңғысы, биатлон, мәнерлеп сырғанау, хоккей, шаңғымен жүгіру, сноуборд, керлинг және шаңғымен бағдарлау секілді түрлерінен болады.

Оқу-ағарту министрлігі, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының баспасөз хатшысы Гүлжайна Мұхашеваның айтуынша, Қазақстан құрамасы қысқы гимназиадаға тұңғыш рет қатысады. Олар спорттың бір ғана түрінен, шаңғымен жүгіруден жарысады.

Оқырман назарына қысқы гимназиадада ел намысын қорғайтын оқушыларымыздың тізімін ұсынамыз:

1. Берік Боранбаев (Астана қаласы)

2. Еділбек Елубаев (БҚО, Бәйтерек ауданы)

3. Аян Қайырғазиев (Өскемен қаласы)

4. Павел Гренц (ШҚО, Глубоков ауданы)

5. Даниил Петри (ШҚО, Риддер қаласы)

6. Егор Егоров (Ақмола облысы, Щучинск қаласы)

7. Дамир Қабекесов (БҚО, Орал қаласы, Круглоозерное ауылы)

8. Федор Лебедев (ШҚО, Риддер қаласы)

9. Григорий Дачкин(ШҚО, Риддер қаласы)

10. Анастасия Хвощенок (Ақмола облысы, Сандықтау ауданы)

11. Сабина Сүлейменова (Павлодар қаласы)

12. Айда Хажиева (Қостанай қаласы)

13. Айдана Чонконова (Абай облысы, Үржар ауданы)

14. Милана Мамедова (Қостанай облысы, Б.Майлин ауданы)

15. Елизавета Баткова (ШҚО, Риддер қаласы)

16. Дарья Землянухина (Қарағанды облысы, Теміртау қаласы)

17. Евгения Вадутова (Қарағанды облысы, Абай ауданы)

2022 жылы Францияның Нормандия аймағында өткен жазғы гимназиада ойындарына тұңғыш рет қатысқан Қазақстан құрамасы 32 алтын, 32 күміс және 21 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте үздік үштіктен көрінген болатын. Қысқы гимназиадаға толық құраммен бармаған соң, мұндай жетістікті қайталау мүмкін болмаса да шаңғышыларымызға сәттілік тілейміз!

Серіктес жаңалықтары

Сараптама