×

Премьер-министр жұмыс сапарымен Алматы облысына барады

Ол жергілікті жердегі өзекті мәселелер бойынша кездесу өткізеді 

 Динара Амантай 13.01.2023 | 10:02
Фото: turkystan.kz

Бүгін премьер-министр Әлихан Смайылов өңірдегі жағдаймен танысу және жергілікті жердегі өзекті мәселелерді талқылау үшін жұмыс сапарымен Алматы облысына барады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі Үкіметтің Telegram арнасына сілтеме жасап.

Сапар барысында Үкімет басшысы бірқатар аграрлық және өнеркәсіптік кәсіпорында болып, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесу өткізеді. Сондай-ақ Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының құрылысы мен қалалық қазандық жұмысын тексереді.

Бұдан басқа, Әлихан Смайыловқа облыс орталығын одан әрі дамыту, «G4 City» жобасын іске асыру, сондай-ақ жаңа тұрғын үй салу жоспарлары ұсынылатын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама