Жұмысқа орналасу кезінде 6 мектептің мұғалімдері жалған диплом көрсеткен
Елордада бірнеше мектептің мұғалімдері жалған дипломмен балаларға білім берген, деп хабарлайды қалалық прокуратура.
Қалалық прокуратура білім беру ұйымдары қызметінің заңдылығын тексеру барысында мұғалімдердің жалған дипломды пайдалану фактілерін анықтаған.
Жұмысқа орналасу кезінде 6 мектептің мұғалімдері жалған диплом көрсетіп, балаларды оқыту құқығына ие болған, - деп жазылған Астана қаласы прокуратурасы таратқан ақпаратта.
Хабарламада айтылғандай, Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігіне сәйкес жалған құжатты пайдалану бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
«Аталған ұстаздардың педагогикалық қызметі тоқтатылды», - делінген ведомство хабарламасында.