×

13 қаңтарда бірнеше өңірде мектеп оқушылары үйден оқиды

«Қазгидромет» РМК 13 қаңтарда ауа райының бұзылуына байланысты 10 өңірде ескерту жариялады

 Халық үні 13.01.2023 | 00:30
Фото: inbusiness.kz

Ауа райының бұзылуына байланысты 13 қаңтарда бірнеше өңірде мектеп оқушылары онлайн оқиды.

Атап айтқанда, Ақтау қаласында мектепалды даярлық сыныптары және 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшіріледі.

Абай облысының Аяғөз, Бесқарай, Ақсуат аудандарында бірінші ауысымның 1-11 сыныптары онлайнға көшіріледі. Сондай-ақ Семей қаласы мен Үржар ауданында 1-9 сынып оқушылары, Абай ауданының 1-4 сынып оқушылары үйден оқиды. Қалған аудандарда сабақ штаттық форматта өтеді.

Жамбыл облысының мектептерінде де білім беру қашықтан өткізіледі.

Қарағанды қаласында бірінші және екінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушыларының сабағы қашықтан оқуға көшіріледі. Білім бөлімінің ақпаратына сүйенсек, ата-аналар ауа райының қолайсыздығына байланысты және мектептің қашықтығын ескере отырып, баланың мектепке бару-бармауы туралы шешімді өз бетінше қабылдай алады. Ол жөнінде сынып жетекшісіне ескертуі қажет.

«Қазгидромет» РМК 13 қаңтарда ауа райының бұзылуына байланысты 10 өңірде ескерту жариялады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама