×

Өскеменде ер адам өртенген үйден 3 баланы алып шықты

Көршісі 5, 4 және 2 жастағы үш баланы сыртқа алып шыққан

 Халық үні 12.01.2023 | 22:45
Фото: ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті

Өскемен қаласының тұрғыны өртенген көрші үйден 3 баланы алып шықты.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметше, Өскемендегі Кәсіподақ көшесінде орналасқан жер үйде өрт шықты.

Өрт сөндірушілер келіп жеткенге дейін көрші Қайрат Шерепанов 5, 4 және 2 жастағы үш баланы сыртқа алып шыққан. Олардың анасы да жанып жатқан үйден өз бетінше шығып үлгерді.

«Көп ұзамай келген өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері жалпы ауданы 30 шаршы метр аумаққа жайылған қызыл жалынды ауыздықтады. Жедел әрекеттің арқасында жалынның ары қарай таралуына жол берілмеді. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығу себебі - пешті пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау», - делінген ақпаратта.

Тілсіз жауды сөндіруге барлығы 4 техника мен 16 адам жұмылдырылған.

Айта кетейік, Қайрат Шерепанов «Өскемен-Водоканал» кәсіпорнында слесарь болып жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама