«Әл-Жазира» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жанкешті өзін-өзі жарып жіберген.
Сыртқы істер министрлігі Кабулдағы терактке қатысты мәлімдеме жасады.
ҚР Сыртқы істер министрлігі 11 қаңтарда Кабулдағы әкімшілік ғимараттың жанында нәтижесінде ондаған адам қаза тапқан террористік актіні қатаң айыптайды. Министрлік қаза тапқандардың отбасыларына қайғыра көңіл айтады және Ауғанстан билігін өз аумағындағы терроризм көздерін жою бойынша күресті күшейтуге шақырады, - делінген СІМ хабарламасында.
Айта кетейік, сәрсенбіде Ауғанстан астанасы Кабулда сыртқы істер министрлігінің жанында жарылыс болды. «Әл-Жазира» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жанкешті өзін-өзі жарып жіберген. Ең аз дегенде 20 адам көз жұмған, жарақаттанғандар саны нақтылануда.
Теракт үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» мойнына алды, деп хабарлады Reuters.