Қазақстанның Австралия ашық чемпионатындағы қарсыластары анықталды

Дастан Жұмабекұлы

«Үлкен дулыға» турнирі басталады

фото: ашық дереккөз

Жылдың алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі – Австралия ашық чемпионатының жеребесі тартылды.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 67-орында тұрған италиялық Элизабетта Коччаретомен кездеседі.

Рейтингте 51-сатыдағы Юлия Путинцева әлемнің 43-ракеткасы, румыниялық Сорана Кырстямен күш сынасады.

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик рейтингте өзінен төрт саты жоғары тұрған испаниялық Алехандро Давидович – Фокинаны жеңіп көруге тырысады.