×

Павлодар облысының тұрғындары ерекше оптикалық құбылыстың куәсі болды

Ауыл тұрғындарының айтуынша, мұндай құбылыс ол жақта алғаш рет болып тұрған жоқ

 Еркеғали Болатұлы 12.01.2023 | 16:48
фото: дереккөз

Павлодар облысы Ақтоғай ауылының тұрғындары атмосферада ылғал мөлшері көбейген кезде пайда болатын түрлі-түсті «аяз таяқшаларын» көрді.

Ерекше табиғат құбылысының бұл суреттері «Типичный Павлодар» Instagram-қауымдастығында пайда болған.

Мынадай әдемі көрініс бүгін Ақтоғайда болды, - дейді жазба авторы.

Оған қатысты желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған. Кей тұрғындар мұндай суреттер шындыққа жанаспайтынын айтса, енді бірі аталған құбылыс Ақтоғайда алғаш рет болмағанын жазып отыр.

«Бұл бүгін болды (11 қаңтарда, - ред.). Шамамен 19:15-те. Ғажайып құбылыс», - деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама