Соған қарамастан автокөліктер үшін қозғалыс екі жаққа да қамтамасыз етілмек
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Есілдің оң жағалауында Орталық базарға баратын жолдағы асфальты жарылып кеткен көпірдің апатты жағдайда екенін растады.
Бүгін мекеме көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.
Ведомствоның мәліметінше, жол өткелінің сол жағындағы көліктердің қозғалысы жақында жабылатын болады. Соған қарамастан автокөліктер үшін қозғалыс екі жаққа да қамтамасыз етілмек.
Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Астанада Есілдің оң жағалауындағы үлкен көпірдің жарылып кеткені көрсетілген видео тараған еді.