Halyq Uni логотип
×

Абай облысында екі адам газдан уланып қалды

Олар Семей қаласының «Бүйрек орталығының мекемесі» токсикология бөліміне жатқызылды

 Динара Амантай 12.01.2023 | 14:23
Абай облысында екі адам газдан уланып қалды
Фото: Halyq Uni

Абай облысында екі адам газдан уланып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше таңғы сағат 8-де «112» пультіне жедел медициналық жәрдем станциясының кезекші диспетчерінен жедел жәрдем бригадасының екі адам уланған мекенжайға барғаны туралы ақпарат келіп түскен.

Анықталғандай, жылыту пешінің мұржасы тартылмағандықтан, 1961 жылы туған ер-азамат және 1967 жылы туған әйел улы газдан уланған. Олар Семей қаласының «Бүйрек орталығының мекемесі» токсикология бөліміне жатқызылды. Жағдайлары орташа. Абай облысы ТЖД құтқарушыларының көмегіне мұқтаж болмай шықты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама