Елімізде дизель тапшылығы туындауы мүмкін
Қазақстандықтар бұл мәселемен бірнеше рет бетпе-бет келген
Биыл Қазақстанда 500 мың тоннадан аса дизель отыны жетіспеуі мүмкін. Бұл туралы Сенат депутаты Бақытжан Байахметов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, жыл сайын еліміздегі 3 мұнай өңдеу зауытында мұнай өнімдерінің тапшылығы болады.
Бұған көрші елдердегі отын бағасы да себеп. Өйткені ондағы баға бізден 2 есе қымбат. Осылайша, транзиттік көліктердің ыңғайына қарай жұмыс істеп отырмыз, - деді Бақытжан Байахметов Сенаттың жалпы отырысында.
Ол биыл елімізде 500 мың тоннадан аса дизель отыны жетіспеуі мүмкін екенін жеткізді.
Сондай-ақ сенатор 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕАЭО-да мұнай мен мұнай өнімдерінің бірыңғай нарығы болатынын еске салды.
Сөз соңында Бақытжан Байахметов премьер-министр Әлихан Смайыловты аталған мәселеге назар аударуға шақырды.