Halyq Uni логотип
×

Үкіметте «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тексеру жүргізу мәселелері талқыланды

Премьер-министр компания басшыларымен кездесті

 Динара Амантай 12.01.2023 | 12:50
Үкіметте «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тексеру жүргізу мәселелері талқыланды
Фото: primeminister.kz

Бүгін премьер-министр Әлихан Смайылов ArcelorMittal компаниясының вице-президенті Виджай Гоялмен және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Биджу Наирмен кездесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Әлихан Смайылов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ арасында қол қойылған меморандум аясында қазақстандық тарап кәсіпорынға қаржылық, техникалық және экологиялық аудит жүргізу үшін тәуелсіз халықаралық консультанттарды шақырғанын атап өтті.

Сонымен қатар6 мремьер-министр «АрселорМиттал Теміртауға» кешенді тексеру жүргізу кестесі жіберілгенін айтты.

Өз кезегінде Виджай Гоял барлық тексеру шараларына толық жәрдем көрсетуге дайын екенін білдірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама