×

Тұңғыш президент туралы заңның күшін жою: комиссия құрамына енген сенаторлардың есімі белгілі болды

13 қаңтарда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

 Дәурен Ерболат 12.01.2023 | 12:14
Фото: akorda.kz

«Тұңғыш президент – Елбасы туралы» заңның күшін жою мәселесін қарастыру үшін комиссия құрамына енген Сенат депутаттары белгілі болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Кеше Мәжілісте «Тұңғыш президені – Елбасы туралы» конституциялық заңның күшін жою бойынша бірлескен комиссия құрылды.

«Парламент регламентінің 32-5-тармағына сәйкес, «Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы туралы» конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» конституциялық заң жобасы бойынша бірлескен комиссияның құрамына мәжілістен келесі депутаттарды ұсынамыз: Берік Бекжанов, Серік Ерубаев пен Ерлан Смайылов», - деген еді депутат Арман Қожахметов.

Депутаттар тиісті қаулыны бірауыздан қолдады.

Бүгін аталған заңды қарастыру үшін Сенаттан комиссия құрамына сенаторлар Владимир Волков, Сұлтанбек Мәкежанов және Дүйсенғазы Мусин енді. Сенат депутаттары оларды қолдап дауыс берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама