×

Президенттің туыстарына саяси қызмет пен квазисекторда басшылық қызметке орналасуға тыйым салынады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауын жариялауда

 Айнұр Шошаева 16.03.2022 | 11:41
фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жолдауында Президенттің жақын туыстарына қандай тыйым салынатынын айтты.

«Мемлекет басшысы барлық азаматтар үшін мүмкіндіктер теңдігінің мызғымас кепілі болуға тиіс. Сондықтан Президенттің жақын туыстары үшін саяси мемлекеттік қызметтегі және квазимемлекеттік сектордағы басшылық лауазымдарға орналасуға заңнамалық тыйым енгізілетін болады», – деді Тоқаев.

Сонымен қатар, Президент Мемлекет басшысының облыстар, республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің актілерінің күшін жоюға немесе қолданылуын тоқтата тұруға құқығы барын айтып, мұндай заңнамалық ережелерді жою керектігін айтты.

«Бұл норма «қолмен басқарудың» артық тәжірибесін орнықтыруға ықпал етеді және жергілікті атқарушы органдардың дербестігін төмендетеді. Сонымен қатар, қазір Президент аудан, тіпті ауыл әкімдерін қызметінен алып тастауға құқылы. Мұндай заңнамалық ережелерді жою қажет», - деді Президент.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама