×

Жоғарғы соттың бірнеше судьясы қызметінен босатылды

Қызметінен босатылған судьялар басқа қызметке ауысты

 Дәурен Ерболат 12.01.2023 | 10:24
фото: sud.gov.kz

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Жоғарғы Соттың үш судьясы қызметінен босатылды. Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп бұл судьялар басқа қызметке тағайындалуына байланысты Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатылуы керек екенін айтты.

«Назарларыңызға Мемлекет басшысының Жоғары cот судьялары Вячеслав Салия, Асан Ескендіров, Айгүл Қыдырбаеваның басқа қызметке ауысына байланысты оларды қызметінен босату туралы ұсынысы шығырылып отыр», - деді ол.

Вячеслав Салия Қостанай облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды. Ал Асан Ескендіров, Айгүл Қыдырбаева Конституциялық соттың судьясы болды.

Палата депутаттары ұсынысты қолдап, дауыс берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама