Рыбакина Аделаида турнирінің финалына шықты
Ол жұптық сында ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге ойнап жүр
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Австралияның Аделаида қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің финалына шықты.
Ол жұптық сында ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге жартылай финалда жарыстың үшінші ракеткалары украиналық Людмила Киченокпен және латвиялық Елена Остапенкомен кездесіп, қарсыластарын 6:4, 7:5 есебімен ұтты.
Енді Рыбакина Павлюченкомен бірге чехиялық Мириам Колодзьежова мен Маркета Вондроушова немесе бразилиялық Луиза Стефани мен америкалық Тэйлор Таунсенд жұптарының жеңімпаздарымен бас жүлдені сарапқа салады.