Halyq Uni логотип
×

Қызылорда қаласында атыс болды

Қаланың екі тұрғыны арасында жанжал болған

 Халық үні 12.01.2023 | 08:45
Қызылорда қаласында атыс болды
фото: ашық дереккөзден

Қызылорда қаласында жергілікті көңіл көтеру мекемелерінің бірінде келген қонақтар арасында келіспеушілік туындап, оның соңы атыспен аяқталған. ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаладағы лаундж-барлардың бірінде 10 қаңтар сағат 01:30-да қаланың екі тұрғыны арасында жанжал шыққан.

Осылайша, кикілжің кезінде олардың бірі екіншісінің иығына травматикалық тапаншамен оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір жәбірленушіге қалалық ауруханада медициналық көмек көрсетіліп, ол үйіне жіберілген.

ПД мәліметінше, кезекші тәртіп сақшылары күдіктіні, бұрын сотталған 24 жастағы азаматты ұстады.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы («бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама