×

Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатты

Басты мәселе өндірілген өнімнің уақытылы тасымалданбауында

 Халық үні 12.01.2023 | 07:33
фото: ашық дереккөзден

Атырау мұнай өңдеу зауытының жанар-жағармай шығаратын негізгі желісі жұмысын тоқтатты. 

Оған себеп, кәсіпорында өндірілген сұйылтылған газды өзге өңірлерге тасымалдауда кідіріс пайда болған, деп хабарлайды «Хабар 24». Соның салдарынан қоймада бос орын жоқ. Қазір газ сақтау паркінде 800 тонна өнім жиналып тұр. 

Парктің сыйымдылығы – 810 тонна. Сол себепті мұнай өңдеу зауыты 10 қаңтардан бастап каталитикалық крекинг қондырғысының және оған қатысты технологиялық нысандардың жұмысын амалсыз шектеп отыр. Бірқатар технологиялық қондырғының тоқтауы зауыт өндіретін басқа өнімдердің шығуына да қол байлау болып тұр. Атап айтқанда, сұйылтылған көмірсутегі газы тәулігіне 500 тоннадан 20 тоннаға дейін, автобензин 6000 тоннадан 1 500 тоннаға дейін, ал дизельді отын тәулігіне 4 000 тоннадан 2 000 тоннаға дейін азайды.

Басты мәселе өндірілген өнімнің уақытылы тасымалданбауында. Бізден сұйылтылған газ алатын өңірлер оны автокөлікпен тасымалдайды. Ол өнімсіз. Сондықтан вагон-цистерналармен тасымалды қолға алу керек. Бірақ оның тарифы қымбат. Теміржол шығыны газдың бағасына қосылады. Оған ешкім келіспейді. Сол себепті өндірісті тоқтатуға тура келді, - деді «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бас директоры  Мұрат Досмұратов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама