Қарағандыда көпқабатты үйдегі өрттің шығу себебі анықталды

Халық үні

Өрт ошағы марқұм болған пәтер иесінің 43 жастағы ұлы тұрып жатқан бөлмеден шыққан

фото: tengrinews.kz

Қарағандыдағы көпқабатты үйдегі өрттің шығу себебі анықталды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдай департаменті. 

«8-қабаттағы 3 бөлмелі пәтердің жатын бөлмесіндегі ашық от көзі өрттің шығуына себеп болған. Пәтерден жарылысқа әкелуі мүмкін газ құралдары мен басқа құралдар табылған жоқ. Өрт ошағы марқұм болған пәтер иесінің 43 жастағы ұлы тұрып жатқан бөлмеден шыққан», - делінген ТЖД хабарламасында.

Ведомствоның хабарлауынша, пәтер иесі мен оның жұбайы, ағасы түтіннен уланып көз жұмған.

«Үш адам тұншығып қалған. Олардың денесінде күйік жоқ. Олар шешініп, ұйықтап жатқан болуы мүмкін. Ер адам мен әйел зардап шеккен тұрғынның ата-анасы. Қаза тапқан үшінші адам әкесінің үлкен ағасы» - деп түсіндірді департамент.